Экономика

Айлық жалақыңыз қанша?

Айлық жалақыңыз қанша?

Өңірлік орташа жалақы көлемі 2019 жылдың І тоқсанында облыстың экономика салаларындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындарында (шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қоспағанда) орташа айлық жалақы 112275 теңге көлемінде қалыптасып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда – 9,9, ал нақты жағдайда 4,6 пайызға өскен. 2019 жылдың І тоқсанында қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы экономиканың басқа қызмет түрлеріндегі еңбекақыдан біршама жоғары – 193764 теңге көлемінде қалыптасты. Ал қызмет көрсету саласының тұру және тамақтану бойынша қызметтерінде еңбекақы облыстық еңбекақы деңгейінің 38,1 пайызын құрап отыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсаны ішінде ірі және орта кәсіпорындардағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 121662 теңгені құрап, өткен жылдың тисті кезеңімен салыстырғанда атаулы жалақы – 10,8, нақты жағдайда 5,4 пайызға өскені байқалуда. «Aq jol-Aqparat».