- Advertisement -

Республика бойынша үздіктің бірі

54

- Advertisement -

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық жүргізген Қазақстанның үздік олимпиада мектептерінің ресми рейтингісінің қорытындысы бойынша Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы «100 үздік олимпиадалық мектептер» тізімінде 45-орынға көтерілді. Бұл – 2011 жылы облыстық білім басқармасының «Өнегелі педагогикалық ұжым» аталымын, «Алтын қыран» халықтық сапа белгісін, 2013 жылы өңірдегі «Үздік білім беру ұйымы» атағын иеленген, 2015 жылы қалалық «Үздік гимназия», облыстағы «Табысты гимназия», былтыр республикадағы «100 үздік олимпиадалық мектептің» бірі атанған гимназия мұғалімдері мен түлектерінің табысы.
Жоғарыдағы жетістіктерін мақтанышпен жеткізген гимназия директоры Фарида Шортанбекова гимназияның дарынды оқушылары түрлі білім додаларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп келе жатқандығын тілге тиек етті.
– Былтыр халықаралық FLEX байқауының жеңімпаздары Сания Ержігітова, Арайлым Алтынханова, Камиля Зулфухарова, Маржан Балабек, Нұрай Момбекова АҚШ-та білім алып келсе, биыл Кәмшат Әзімбек 11-сыныпты сол елде оқыды. Жалпы гимназия шәкірттерінің 1225-і түрлі деңгейдегі, әртүрлі бағыттағы байқау, конкурстарда жүлделі орындардан көрінді. Республикалық ғылыми жоба байқауында тіл секциясы бойынша 10-сынып оқушысы Әнел Бейбіт үшінші орын жеңімпазы атанды. М.Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында 11-сынып оқушысы Әсия Серікқызы «Ұлы Жібек жолы бойында этнотуризм бизнесін ұйымдастыру» тақырыбында жобасын ұсынып, қола медальді иеленді. Республикалық пән олимпиадасында 3 оқушы жеңімпаз атанды. Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы олимпиадада үздік үштіктің қатарынан көрінген 9-сынып оқушысы Ғазиза Белгібаева деген талапты оқушымыз да бар. Ал «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген КИО олимпиадасында 40 оқушы қазақ тілі, математика, физика, орыс тілі, информатика, биология, география пәндерінен жүлделі орындарды олжалап оралды, – дейді Фарида Советбекқызы.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support