- Advertisement -

Әскери биороботтар қарулы күштер сапында болады

84

- Advertisement -

Технологиялық жетістіктері көп Оңтүстік Корея 2024 жылы қарулы күштер құрамына жәндіктер мен жануарларды, адамды имитациялайтын, яғни тіршілік иелеріне ұқсатып жасайтын биороботтарды енгізбек. Бұл жайында қару-жарақты сатып алу бағдарламасы жөніндегі агенттік баяндамасында айтылған. Аталмыш баяндамада негізгі қорғаныс технологиясын дамытуға басымдық беретін жобалар қамтылған. Аталған агенттік жақын болашақта биороботтарды қолдануды ұйғарып отыр. Агенттік өкілдері биороботтардың болашақтағы соғыстың барысын өзгертетінін алға тартады.
Өткен жылы Стокгольм қаласында бас қосқан жасанды интеллекті жөніндегі халықаралық алқалы жиында 160-қа тарта компания өкілдері жасанды интеллекті технологиясы қолданылатын қару құрастырудан бас тартуды көздейтін құжатқа қолдарын қойған еді. Осы құжат талабында адамның өмірін сақтап қалуды немесе жоюға қатысты дербес шешім қабылдайтын қаруды жасамау, таратпау, саудаламау тағы басқалар қарастырылған. Нысананы өзі таңдайтын, онымен ұрысқа түсуді өзі шешетін қару – тек жаудың емес, соны жасаған жақтың өзіне қауіп төндіреді. Қысқасы, күллі адамзатқа қауіпті қару ретінде танылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support