- Advertisement -

Бір заттың түсін әр адам неге өзінше көреді?

130

- Advertisement -

2015 жылдың 26 ақпанында әлем екіге бөлінген еді. BuzzFeed порталы жариялаған суреттегі көйлектің түсін біреулер қара мен көк десе, енді бірі ақ пен сары түс көргенін айтты. Кейін желіде сол сияқты аяқ киім пайда болды. Оның түсін де әркім әртүрлі байқады. Ғалымдар мұның сырын қалай түсіндіреді? Әлде гәп адам көзінде ме?
Нейробиологтердің айтуынша, көйлектің түсін әркім физиологиялық айырмашылығына байланысты әртүрлі көреді. Адамның көз торы сауытша және таяқша фоторецепторларынан тұрады. Жарық көз фоторецепторларына әртүрлі түседі. Сондықтан көз торында қай фоторецептор көп болса, соған байланысты түс те ажыратылады. Кей адамның көз торында сауытша фоторецепторы көп болса, бірінде таяқша көп. Сондықтан адамдар затты әртүрлі түсте көреді. Мамандардың айтуынша, 30-40 минуттан кейін қараңғы бөлмеден шығып, суретті қайта қарағанда бастапқыда көрген түс емес, басқасы көрінеді. Бұл бір фоторецептордың уақытша іркілуінен болады екен. Ол кейін қалпына келеді.
Көйлектің суретін Photoshop редакторымен тексергенде адамның көзі бір түсті елемей тұрғаны байқалған. Мысалы, суреттен қара мен көк түсті көргендер сары реңкті, ал ақ пен сарыны көргендер көк түсті елемеген. Сарапшылардың айтуынша, көйлекте бірнеше түс жасырылған. Кейін сурет авторы көйлектің нағыз түсі қара мен көк болғанын айтты.
Мамандардың айтуынша, адамдарда мұндай жағдай үнемі болады. Бірақ олар байқай бермейді.
Facebook қолданушысы Николь Култхард аяқ киімнің суретін жариялады. Онда да желі қолданушыларының жартысы сұр мен көгілдір түс, басқалары ақ пен қызғылт түс көргенін айтып, екіге бөлінген еді. Оның нағыз түсі – ақ пен қызғылт.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support