- Advertisement -

Мадияр алғашқы белбеуін иеленді

42

- Advertisement -

Жерлесіміз, Меркі ауданының тумасы Мадияр Әшкеев кәсіби мансабындағы алғашқы белбеуіне қол жеткізді. Кәсіпқой бокс әлемінде бірінші орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген ол АҚШ-тың Тусон қаласында (Аризона штаты) кезекті жекпе-жегін өткізіп, жанкүйерлерін қуантты.
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) NABF Junior белбеуіне немесе Солтүстік Америка чемпионы атағына таласқан жерлесіміз жергілікті боксшы Сесил Маккалаға қарсы шаршы алаңға көтерілді. Он раундқа жоспарланған кездесуді Мадияр толығымен өткізіп, қарсыласынан басым екенін дәлелдеді.
Шайқас басталған сәттен-ақ ұтымды тактика таңдай білген қазақстандық боксшы жылдамдығымен, соққыларын дөп тигізуімен қарсыласын біршама титықтатып тастады. Әрине, Маккала да өзінің оңай шағылатын жаңғақ еместігін танытып, тегеурінді қарсылық көрсетуге талпынды. Алайда жекпе-жек барысында Мадиярдың шеберлігі басым екендігі айқын аңғарылып тұрды. Кездесу алдында Мадиярдың қарсыласы boxrec.com сайтының рейтингінде 124-орында тұрса, отандасымыз 171-орынға орналасқан болатын. Дегенмен рейтингтегі жағдай Мадиярдың шаршы алаңда еркін көсілуіне кедергі келтірген жоқ. Он раунд бойы өзінің мықтылығын дәлелдеген Мадиярдың жеңісін төрешілер де мойындады.
Бұл жеңіс үлкен жекпе-жектердің бастамасы болатындығына сенеміз. Кәсіпқой бокс әлемінде жеңіліссіз келе жатқан жерлесіміз жеңісті жорығын жалғастыра берсе деген тілек-ниетіміз бар.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support