- Advertisement -

Риза болдым

131

- Advertisement -

Енді «мүгедек деп» мүсіркейтіндер  ойланатын шығар.

Облыстық «Ақ жол» газетінің  2014 жылдың 3 шілде күнгі санында тілші Амангелді Әбілдің «Мүгедек деп мүсіркегенше, мүмкіндігіне қарай еңбекке тарт» атты мақаласын оқып шығып, біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың жанақайын көтеруге ұйытқы болған басылымның бас редакторы мен газет тілшісіне  риза болдым.

«…Қазір шағын және орта бизнес нысандары көптеп ашылып жатыр. Ол – жақсы. Жеке құрылым ашып жатқан адамдар өзінің де жағдайын жасайды, өзгеге де жұмыс тауып беріп, бюджетке салығын төлейді. Бірақ, кемтар азаматтарға келгенде көбінің есіктері ашыла бермейді. Ондай адамдарды жұмысқа тартпақ түгілі нысандарын, мүгедек жандардың еркін кіріп-шығуына бейімдеуге де құлықсыз» дей келе автор Елбасы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тартуда кәсіпкерлерге де сөз арнағанын орынды атап көрсетті.
Мен өзім бала жастан үшінші топтағы мүгедекпін. Бірақ, кем едім деп қарап отырған күнім жоқ. Кезінде армян, грузиндер аяқ киім тігудің қас шебері болатын. Солардан осы кәсіпті тәп-тәуір меңгеріп алдым. 14 жыл бойы ауылда тұрып, әйеліміз екеуміз аяқ киім тігетін цех ашып, тірлік жасадық. Әйелім де үшінші топтағы мүгедек. Мемлекеттен алатын жәрдемақымыз дәрі-дәрмектен артылмайтын болған соң, үш баламызды қатарынан кем қылмай тәрбиелеуді ойлап, ,тынымсыз жұмыс істедік.
Тараз қаласына көшіп келгеніме тоғыз ай болды. Өзімнің Киров көшесіндегі базарда аяқ киім тігу цехым бар. Базар директоры Алтынбек Садырбаев жайды тегін беріп отыр. Азаматқа Алланың нұры жаусын!
Мен заман талабына орай өнім шығарғым келеді. Аяқ киім материалдарын сырттан әкелсем деймін. Ертоқым, ноқта, басқа да ат әбзелдерін жасау да ойымда бар. Бұдан басқа да жеке кәсібімді одан әрі дамытсам деймін. Әрине, оның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Төмен пайызбен несие беретін «жомарт» қаржы институттары табылып жатса деп армандаймын.

Нұрлан ӘБІЛДАШЕВ,
ІІІ топтағы мүгедек.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support