Экономика

Атқарылған іс аз емес, алдағы міндет те ауқымды

Атқарылған іс аз емес, алдағы міндет те ауқымды

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың облыс мәслихаты депутаттары алдындағы есебіне тезистер

ЖӨӨ. 2014 жылдың бірінші тоқсанында жалпы өңірлік өнімнің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсіп, 182,1 млрд. теңгені құрады. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 167,6 мың теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға артық.

Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-маусымында 125,6 млрд. теңгегенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 101,1% (ҚР – 99,6%). Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 1,2 есеге (9,8 млрд. теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 0,8%-ға (22,7 млрд. теңге) өсуі байқалады. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласындағы өсім табиғи газ өңдеу көлемін 0,1%-ға (159,9 млн. текшеметр), мыс кендері мен қойыртпаларын – 1,1 есеге (736,3 мың тонна), әктас және гипсті өндіру көлемін – 1,3 есеге (1063,1 мың тонна), ұсақталған фосфат шикізатын – 1,1 есеге (152,9 мың тонна) арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда электр энергиясын өндіру көлемі 0,5%-ға өсіп, 983,9 млн. кВт/сағ. құрады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға қысқарып, 91,8 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейіне қарағанда мұнай өнімдерін өндіру көлемдері 54,9%-ға (мұнай дистилляттары, мотор және дизельдік отын, оттық мазут), химия өнеркәсібі – 9,3%-ға (фосфор, ортофосфор қышқылы, натрий үшполифосфаты, минералды тыңайтқыштар), жеңіл өнеркәсібі – 23,5%-ға (таралған жүн, тері, былғары, аяқ-киім), резеңке және пластмасса бұйымдары – 61,1%-ға (пластмассадан жасалған құбырлар және бұйымдар), өзге металл емес минералдық өнімдер – 13,7%-ға (керамикалық кірпіштер, гипс, бетон, цементтен және бетоннан жасалған бұйымдар, өңделген тас), металлургия өнеркәсібі – 12,3%-ға (ферросиликомарганец, күміс), дайын металл бұйымдары – 7,9%-ға (құрама құрылыстық металл қондырғылары) жетпейді. Ет өндірудің көлемі 1,3 есеге, шұжық және еттен жасалған бұйымдар – 1,2 есеге, өңделген және консервіленген көкөністер – 3,5 есеге, өңделген сүт - 2,4%-ға, сары май – 5,0%-ға, ірімшік және сүзбе – 1,2 есеге, қант-шикізаты – 1,3 есеге, алкогольсіз сусындар – 1,7 есеге, трикотажды киімдер – 4,5 есеге, сырт киімдер – 20,9 есеге, портландцемент – 1,2%-ға, легірленбеген болат құймалары – 2,3 есеге, кеңсе жиһаздары – 1,7 есеге, ағаштан жасалған жиһаздар – 3 есеге ұлғайған. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда қалдықтарды жинау, өңдеу және жою көлемдерінің 64,7%-ға, суды бөлу – 6,3%-ға қысқаруы есебінен жұмыс пен қызмет өндіру көлемі 1,2 млрд. теңгені құрады (НКИ – 68,3%).

Индустрияландыру Индустрияландыру картасының шеңберінде 2014 жылы 25,4 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда, онда 1147 жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Есепті кезеңде 13,4 млрд. теңгеге 2 инвестициялық жоба іске қосылып, онда 556 жұмыс орындары құрылды, («Talas Investment Company» ЖШС - натрий цианидін өндіру бойынша зауыты, «БиномСтройДеталь» ЖШС – тұрғын үй құрылысы комбинаты). 1. «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидін өндіру бойынша зауыты, құны – 12,9 млрд. теңге, қуаттылығы – жылына 15000 тонна өнім, 491 жұмыс орындары құрылды. 2014 жылдың 27 маусымында пайдалануға берілді. 2. «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс материалдары комбинаты базасында тұрғын үй құрылысы комбинаты, құны 500 млн. теңге, қуаттылығы жылына 19500 текшеметр өнім, 65 жұмыс орындары құрылды. 2014 жылдың 30 маусымында пайдалануға берілді. 3. «Vista International» ЖШС – «Қордай жел-электростансасының құрылысы және пайдалануға беру». Жобаның құны 6362 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 21 МВт. 13 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 4. «Арайстроймаркет» ЖШС – «Радиаторлар өндіретін шағын зауыттың құрылысы». Жобаның құны 360 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 250 мың дана өнім, 25 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 5. «Central Asia Gold Production» ЖШС – «Бағалы металл құймаларын өндіру зауыты». Жобаның құны 2100 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 500 кг өнім, 150 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 6. «Компания Мын-Арал» ЖШС – «Балық өңдеу зауытын жаңғырту». Жобаның құны 600 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 1200 тонна өнім, 250 жұмыс орнын құру жоспарлануда. 7. «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісін құру. Жобаның құны 2560 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 1757 тонна ет өнімдері, 153 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қазіргі таңда, Индустрияландыру картасына енгізілген, пайдалануға берілген инвестициялық жобалардан өндірілген өнімнің көлемі 18,4 млрд. теңгені немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінен 14,6%-ды, өңдеу өнеркәсібі өнімінің жалпы көлемінен 20,0%-ды құрады.

Сауда Сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-мамырында 189,0 млн. АҚШ долларын немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 90,3% құрады, оның ішінде экспорт – 45,0 млн. АҚШ доллары (76,7%), импорт – 144,0 млн. АҚШ доллары (95,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 99,0 млн. АҚШ доллары. Экспорт құрылымында алтын 85,4%-ға (кеннің құрамында алтынның аздығынан өнім көлемі 1,6%-ға төмендеген), минералды тыңайтқыштар 79,1%-ға («Казфосфат» ЖШС-де минералды тыңайтқыштарды өндіру көлемі 12,8%-ға төмендеген), қант 99,9%-ға («ЦАСК» ЖШС қант зауытының Меркі филиалында шикізаттың жоқтығынан өндіріс тоқтаған) азайған. Сонымен қатар, экспорт құрылымында әктастық флюс 3,1 есеге (4,6 млн. АҚШ доллары), бидай 2,3 есеге (1,4 млн. АҚШ доллары), тұқым 1,2 есеге (2,2 млн. АҚШ доллары), қоқыс және күл 3,0%-ға (3,4 млн. АҚШ доллары) өскен. Импорт құрылымында портландцемент 88,2%-ға, жеміс-жидек 42,0%-ға, дәрі өнімдері 34,3%-ға төмендеген. Сүт өнімдері 7,6 есеге, (3,8 млн. АҚШ доллары), аяқ-киімдер 2 есеге (7,9 млн. АҚШ доллары), киімдер 1,3 есеге (42,3 млн. АҚШ доллары) өскен. 2014 жылдың қаңтар-мамырында облыстың Кеден одағына мүше мемлекеттермен өзара сауда жасау 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артып, 33,2 млн. АҚШ долларын құраған, оның ішінде импорт – 1,4 есеге (26,3 млн. АҚШ доллары). Экспорт 2,8%-ға төмендеген (6,9 млн. АҚШ доллары). 2014 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда айналымының көлемі 72,2 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға өсті, көтерме сауда айналымы – 93,2 млрд. теңге (18,1%-ға).

Ауылшаруашылығы Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 2014 жылдың қаңтар-маусымында 41,9 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 4,8%-ға артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 1,2 млрд. теңге (НКИ – 98,5%), мал шаруашылығы – 40,7 млрд. теңге (НКИ – 105,1%). Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2014 жылы облыстық бюджеттен 5233,5 млн. теңге субсидия қарастырылған. 2014 жылдың 1 шілдесіне 1257,8 млн. теңге игерілді. Ағымдағы жылы жедел мәліметтер бойынша ауылшаруашылығы дақылдары 566,8 мың га себілді, оның ішінде дәнді дақылдар – 252,2 мың га, майлы дақылдар – 90,6 мың га, көкөністер – 25,1 мың га, картоп – 8,2 мың га, жемдік дақылдар – 180,5 мың га. 2013 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 24,0 мың га ұлғайған. Мал шаруашылығында үстіміздегі жылдың қаңтар-маусымында 44,1 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2013 жылдың қаңтар-маусымына 108,9%, сүт – 132,7 мың тонна (101,1%). Жұмыртқа өндірісі 4,0%-ға (45,3 млн. дана), қырқылған жүн – 2,0%-ға (4,5 мың тонна) төмендеген. МІҚ мал саны үстіміздегі жылдың қаңтар-маусымында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсіп, 341,8 мың басты құрады, қой мен ешкі 0,7%-ға (2973,5 мың бас), жылқы – 5,8%-ға (109,4 мың бас), түйе – 1,2%-ға (6,0 мың бас). Шошқа саны – 12,6%-ға (37,4 мың бас), құс – 5,0%-ға (1331,4 мың бас) төмендеген. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2014 жылы 3300 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Жамбыл облыстық филиалымен 14 шаруа қожалықтарына 175,5 млн. теңгеге несие беріліп, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен 1033 бас сатып алынды (985 сиыр және 48 бұқа). «МІҚ мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 1000 бас шетелдік асыл тұқымды малын сатып алу жоспарлануда, есепті кезеңде «Герефорд», «Ангус», «Лимузин» тектес ет бағытындағы 222 бас тұқым әкелінді.

Көлік 2014 жылдың қаңтар-маусымында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға өсіп, 36,6 млн. тоннаны құрады. Жолаушылар тасымалдау көлемі 3,6%-ға өскен (425,2 млн. адам). Жүк айналымы шақырымға 1210,9 млн. тоннаны немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 101,1%-ды, жолаушылар айналымы шақырымға 3035,5 млн. жолаушыларды (111,6%) құрады. 2014 жылы облыстық бюджеттен әлеуметтік маңызды темір жол маршруттарының («Жамбыл ст. – Жаңатас ст.», «Шу ст. – Отар ст.», «Шу ст.- Шығанақ ст. арақатынасы» қызметіне 238,39 млн. теңге, автобус маршруттарының («Тараз – Жаңатас», «Тараз – Шығанақ», «Жаңатас – Жайлаукөл») қызметіне 23,1 млн. теңге бөлінді. 2020 жылға дейін ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Тараз қаласында А.Асқаров №304 көшесінде орналасқан «Б.Садырбаев» автостансасы соғылып, пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы Талас ауданы Қаратау қаласы және Жамбыл ауданы Аса ауылында екі автостансасының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі таңда жер телімдері бөлініп, ЖСҚ әзірленуде.

Автомобиль жолдары 2014 жылы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 6,764 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде облыстық бюджеттен 2,500 млрд. теңге және аудандық бюджеттен 4,264 млрд. теңге. 2014 жылдың 1 шілдесіне 2,247 млрд. теңге бюджет қаражаты немесе есептік кезеңнің жоспарына 33,2% игерілді. 18,8 шақырым автожолдарды күрделі жөндеу және 357,4 шақырым автожолдар мен көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы облыстың жергілікті мәндегі автожолдары мен көшелерінің 219 нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс 2014 жылдың қаңтар – маусым айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 38165,2 млн. теңгені құрады немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артты. 2014 жылы жалпы 200-ден астам нысандардың құрылысын жүргізуге және жаңғыртуға (ТЭН, ЖСҚ әзірлеуге және МС өткізуге бөлінген қаражатты есептемегенде) 39,3 млрд. теңге, оның ішінде инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге – 4,3 млрд. теңге, білім беру нысандарына – 9,9 млрд. теңге, денсаулық сақтау нысандарына – 3,5 млрд. теңге, спорт нысандарына – 1,5 млрд. теңге, «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде – 4,2 млрд. теңге, «Бизнестің жол картасы – 2020» шеңберінде – 1,1 млрд. теңге қарастырылған. Облыста 40 білім беру, 31 денсаулық сақтау, 5 спорт, 27 сумен қамту және су бұру, 20-дан астам инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының, облыстың 28 ауылдық елді мекендеріне магистралды газ құбырларының құрылысы және оларды жаңғырту жүргізілуде. 2014 жылдың 1 шілдесіне 3 білім беру нысандары (2 мектеп, 1 балабақша), 5 денсаулық сақтау нысандары (3 - ДА, 2 денсаулық сақтау нысандарының қазандығы) пайдалануға берілді, 5 ауылдық елді мекендер газдандырылды (9,5 шақырымға төмен қысымды газ құбыры жүргізілді).

Тұрғын үй құрылысы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы толық көлемде іске асырылуда. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 109,4 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артық. Ағымдағы жылы Тараз қаласының «Бәйтерек» шағын ауданында кезекте тұрған азаматтар үшін жалпы алаңы 6,6 мың шаршы метрді құрайтын 75 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй, Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі желісі бойынша – жалпы алаңы 6,4 мың шаршы метрді құрайтын 65 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы жылдың соңына дейін жас отбасылар үшін жалпы алаңы 10,2 мың шаршы метрді құрайтын 75 пәтерлі 2 үйді, Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі желісі бойынша – алаңы 5,1 мың шаршы метр құрайтын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 4638,6 млн. теңгені құрап, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне 95,7% құрайды, оның ішінде 3665,7 млн. теңге – жеке құрылысшылар қаражаты (соның ішінде 3617,6 млн. теңге халықтың қаражаты), 816,1 млн. теңге – республикалық бюджет және 156,8 млн. теңге – жергілікті бюджет қаражаттары. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру шеңберінде ағымдағы жылы 604 млн. теңгеге 32 тұрғын үйді жөндеу жүргізілуде (Тараз қаласында – 544 млн. теңгеге 23 үй, Шу қаласында – 29,8 млн. теңгеге 5 үй, Қаратау қаласында – 30 млн. теңгеге 4 үй).

Облыс бюджеті 2014 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджеті кірістер бойынша 103,1 млрд.теңгеге немесе жоспарға 100,8%-ға, өзіндік кірістер – 17,3 млрд. теңгеге (105,1%), трансферттердің түсімдері бойынша – 85,8 млрд.теңгеге (100,0%) орындалды. Кірістер түсімдері бойынша, оның ішінде өзіндік кірістер бойынша жоспарды облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласы орындаған. 2014 жылдың қаңтар-маусымында облыс бюджетінің шығындары 98,5 млрд.теңгені құрады (96,6% жоспарға) және 2013 жылмен тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға, оның ішінде білім саласына шығындар – 17,1%-ға, денсаулық сақтауға –17,9%-ға, әлеуметтік көмек пен қолдауға – 22,9%-ға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 40,2%-ға өскен.

Салықтар 2014 жылдың қаңтар-маусымында мемлекеттік бюджетке 30,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 3,2%-ға артық немесе болжамға 104,1%, оның ішінде республикалық бюджетке – 13,5 млрд. теңге (болжамға 102,8%), жергілікті бюджетке – 17,3 млрд. теңге (105,1%). Жергілікті бюджет бойынша түсімдер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға артық орындалған. Инфляция 2013 жылдың шілде айында 2013 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 106%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 6,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 5,1%-ға, ақылы қызметтер – 6,4%-ға көтерілді. Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 1,1 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР-104,9%). Облыста тауарларға және қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың басынан азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының комиссиясы жалпы сомасы 432,4 млн. теңгеге 7,0 мың тонна көлемінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу интервенцияларын жүргізу жөнінде 9 шешім қабылдады. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 637,5 тонна азық-түлік тауарлары сақталуда. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары арзандатылған бағамен қала бойынша арнайы орналасқан сауда нүктелерінде, коммуналдық базарда күнделікті сатылуда. 61 жәрмеңке өткізіліп, онда 422 млн. теңгенің өнімдері өткерілді.

Еңбек нарығы Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын оны іске асыруға 6,1 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінген (оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,5 млрд. теңге, жергілікті – 0,6 млрд. теңге). Оның ішінде а.ж. қаңтар-маусым айларында 3,5 млрд. теңге бюджет қаражаты немесе жылдық жоспардың 58,2%-ы игерілді. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде («инфрақұрылымды және тұрғын-үй шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту») 2014 жылға қарастырылған 3102,3 млн.теңге бюджет қаражаттарынан 1260,6 млн.теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 85,8% игерілді. 9 жоба аяқталып, 72 жобаны іске асыру жалғастырылуда. 1449 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаның екінші бағыты аясында («кәсіпкерлікті дамыту және тіректі елді мекендерді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру») кәсіпкерлік негіздеріне осы жылға жоспарланған 920 адамның барлығы оқытылып, 31,1 млн. теңге игерілді. 2014 жылға қарастырылған 783 адамның 149-ы шағын несиемен қамтылды. 324,8 млн.теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 21,6% игерілді. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша («жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу») кәсіптік оқумен 1288 адам қамтылды, оның ішінде 416 адам оқуды аяқтады, 134 адам жұмыспен қамтылды. Жастар тәжірибесімен 990 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен 728 адам қамтылды. Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 3547 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 1076 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты, уақытша жұмысқа – 2471 адам. Бұдан басқа, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар тәжірибесімен 433 адам қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 371, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен – 2210 адам. Жаңадан құрылған жұмыс орындарына 2526 адам жұмысқа орналасты, маусымдық жұмыстарға – 11322 адам. Жалпы 2014 жылдың қаңтар-маусымында 20029 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздар саны 2014 жылдың 1-тоқсанында 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0 мың адамға қысқарды, осы кезеңде жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық пунктке төмендеді.

Әлеуметтік қорғау 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 147,5 мың тұрғынға 966,0 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 54,3 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 255,6 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 617,8 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 38,3 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді. 2014 жылдың қаңтар-маусымында 4151 адамға 23,6 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Кедейшілік шегінен төмен тұрып жатқан халық саны 2014 жылдың 1 шілдесіне 7293 адамды құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға қысқарды. Облыс бойынша кедейшілік деңгейі 0,7% құрады.

Халықтың табысы Халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 2014 жылдың қаңтар-мамырына 37715 теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өскен, нақты 0,9%-ға төмендеген. Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2014 жылдың қаңтар-мамырында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 77126 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2013 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ға артық және нақты – 0,2%-ға төмен.

Денсаулық сақтау Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2014 жылы 37,6 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2013 жылға қарағанда 3,4%-ға артық, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 28,8 млрд. теңге. 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында 20,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 98,5% игерілді, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі бойынша – 14,5 млрд. теңге (100%). Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 2014 жылы 5906,4 млн. теңге қаралып, оның 1 шілдеге 4010,9 млн.теңгесі игерілді (есепті кезеңнің жоспарына 94,6%). «100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде Тараз қаласында 300 төсектік қалалық көпбейімді аурухана құрылысы жалғастырылуда. Пайдалануға беру 2015 жылға қарастырылған. 2014 жылдың 1 шілдесіне 1881,7 млн.теңге (90,7%) игерілді. Бұдан басқа, жобадан тыс Тараз қаласында 200 төсектік облыстық перинаталдық орталығының құрылысы жалғасуда. 2014 жылдың 1 шілдесіне 1077,8 млн. теңге (100%) игерілді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен үстіміздегі жылы Байзақ ауданында 60 төсектік туберкулезге қарсы аурухананың және Жамбыл ауданының Жалпақтөбе ауылында 100 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пунктінің, Сарысу ауданы А.Бүркітбаев ауылында 20 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункттің, ауысымында 115 келушіге арналған 4 дәрігерлік амбулаторияның (264,7 млн. теңге) және 195 келушіге арналған 16 медициналық пункттердің (666,2 млн. теңге) құрылыстары жүргізілуде. 2014 жылы 8 қалалық денсаулық сақтау нысандарын жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 180,3 млн. теңге қарастырылды. 2014 жылдың 1 шілдесіне 104,7 млн. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 100% игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 352,9 млн. теңге (оның 35,1 млн.теңгесі немесе есепті кезеңнің жоспарына 33,1% игерілді), жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге (оның 721,9 млн. теңгесі немесе есепті кезеңнің жоспарына 100% игерілді) қарастырылды. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (ДСДРО алдын ала мәліметтері бойынша) ана өлімі, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары, туберкулез, қан айналымы жүйесі, вирусты гепатит, наркологиялық және психикалық аурулар, ішек инфекциясы аурулары деңгейінің қысқарғаны тіркелді. Қант диабеті ауруының деңгейі өскен. 2014 жылдың қаңтар-мамырына (статистика мәліметтері бойынша) туу, жалпы және нәресте өлімі деңгейлерінің қысқарғаны тіркелген. Мемлекеттік секторда 10 мың халыққа дәрігермен қамтамасыз ету облыс бойынша жалпы 23,12-ден 23,43-ке дейін өскен.

Білім беру Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2014 жылы бюджеттен 75,3 млрд. теңге қарастырылды. 2014 жылдың 1 шілдесіне 40,9 млрд. теңге немесе есепті кезенің жоспарына 97,3% игерілді. Ағымдағы жылы 16 мектеп құрылысы жүргізілуде, 1 шілдеге 1 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 4 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен бірге, 4 апатты мектептің мәселесі шешіледі. 2014 жылы 3,1 млрд. теңге республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 37 білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 1-ші жартыжылдықта 1,3 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 96,9% игерілді. 2014 жылы 131,1 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен 32 химия кабинеттерін, 685,2 млн. теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 36 лингафондық, 41 физика және 56 биология, 1 химия кабинеттерін сатып алу қарастырылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 13 оқушыны құрайды, ауылдық жерде – 12. Жалпы облыста интернет желісіне мектептің 100%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды интернет желісіне облыстың 435 мектебі немесе 95,0% қосылған, 73 білім нысанында (оның ішінде ауылдық жерлерде – 51 нысанда) электронды оқыту жүйесі енгізілді. 2014 жылы бюджет қаражаты есебінен 12 балабақша құрылысы жүргізілуде, оның ішінде бірінші жартыжылдықта 1 бала бақша пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 7 балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан басқа, жекеменшік инвестициялар есебінен 1 бала бақша соғылды, 2 балабақша және 130 орындық 3 шағын орталық ашылды. Нәтижесінде 2014 жылдың 1 шілдесіне облыста 385 мектепке дейінгі (221 балабақша, 164 шағын орталықтар) ұйымдардарында 40,5 мың бала немесе 48,4% тәрбиеленуде (1-6 жас).

Мәдениет Мәдениет саласын қаржыландыруға 2014 жылы 4,1 млрд. теңге қарастырылды, бұл 2013 жылғыдан 14,1%-ға артық. 2014 жылдың қаңтар-маусымына бюджет қаражаттарын игеру деңгейі жылдың жоспардың 55,9%-ын құрады. 2014 жылы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ежелгі Тараз қаласын ғылыми-археологиялық зерттеу жалғасуда. Тараз қаласы мен Сарысу ауданында тарих және мәдениет ескерткіштер жинағын шығару, Жуалы ауданында тарихи-мәдени ескерткіштерге күзет тақталары орналастырылу қарастырылып, 1 шілдеге 50 құрылған. Кітапханалардың кітаптар қоры 36,8 мың дана кітапқа толықтырылды. 2014 жылдың қаңтар-маусымына облыстың 25 кітапханасы компьютермен жабдықталған, 40 кітапхана интернет желісіне қосылды, 29 - телефон желісіне қосылды. «Би әлемі» биші әріптестерінің облыстық сайысы, «Art-Mix» облыстық сайысы, «Ән аға!» атты Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі, К.Әзірбаевтың 130 жылдық мерейтойы және Б.Шолақтың 150 жылдығы, Жамбыл облысының 75 жылдығына және «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығана орай облыстық және республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Спорт Спорт саласын қаржыландыруға ағымдағы жылы 7,0 млрд.теңге қарастырылып, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,6 млрд.теңге немесе жылдық жоспардың 51,4% игерілді. Спорт саласында 2014 жылдың басынан 169,7 мың адамның қатысуымен 658 спорт шаралары өткізілді. 2014 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасы чемпионаттарында облыс спортшылары 356 медаль жеңіп алды, оның ішінде 108 алтын, 92 күміс, 156 қола. Халықаралық жарыстарда 77 медаль, оның ішінде 31 – алтын, 17 – күміс және 29 қола жеңіп алды.

Құқық тәртібі Облыста қылмыспен күресу және оның алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылғы 1-ші жартыжылдығында облыста 7816 қылмыс тіркелген, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға төмен.