Қоғам

15 азамат тың өтініші қаралды

15 азамат тың өтініші қаралды

Облыстық полиция департаментінің фронт-офисінде департамент басшысы, полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сондай-ақ оған департаменттің барлық басқармаларының және Тараз қаласы полиция бөлімдерінің басшылары қатысып, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына құқықтық кеңес берді. Айта кетсек, былтырғы желтоқсан айында ашылған фронт-офиске бүгінге дейін түрлі өтініш, арыздармен 1300-ден аса азамат келген. Ал бұл күні Арман Молдиярұлы жол-көлік оқиғалары, ұрлық, бұзақылық, полиция жұмысы мәселелері мен басқа да сұрақтар бойынша 15 адамды қабылдады.

«Aq jol-Aqparat».