- Advertisement -

Үлкен аламандар шағын алаңшалардан басталады

65

- Advertisement -

алдағы уақытта бір алаңша аумағына тек футбол ғана емес, баскетбол, волейбол алаңшаларын да орналастыру керек

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен аудандар мен Тараз қаласында шағын спорт алаңшаларын салу мәселелері туралы жиын өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков баяндама жасады. Ол бүгінде өңіріміздегі қолданыста барлығы 1185 спорт алаңшасы мен ғимараты бар екендігін жеткізді. Оның 423-і футбол, 213-і баскетбол, 279-ы волейбол алаңшалары.
Сондай-ақ басқарма басшысы аудандар мен Тараз қаласына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысына тоқталып, 203 нысанда әртүрлі деңгейде ақаулар анықталғанын айтты. Олар бойынша жөндеу және реттеу жұмыстары ағымдағы жылы жүргізілу керектігін тілге тиек етті.
Асқар Исабекұлы анықталған 203 нысан бойынша жан-жақты талдау жұмыстары жеткіліксіз деңгейде жүргізілгенін баса айтты. Ақаудың деңгейіне, оны жөндеу мен реттеуге кететін шығындар құнына нақты талдаулар жоқ.
Өңір басшысы қалпына келтіру жұмыстарын тек бюджет есебінен ғана емес, демеушілер тарапынан немесе коммуналдық мекеме есебінен жүргізудің жолдарын қарастыруды тапсырды. Бұл бойынша жоспар кестесін құрып, онда әр нысанның жөндеу жұмыстарының аяқталар мерзімін нақты белгілеп, кестеге сәйкес қадағалау-бақылау шараларын ұйымдастыруды жүктеді.
Сондай-ақ облыс әкімі аудандар және Тараз қаласы бойынша спорт алаңшаларына деген қажеттілікті тез арада шешу керектігіне назар аударды. Бір алаңша аумағында тек футбол ғана емес, баскетбол, волейбол алаңшаларын ыңғайластырып, орнатудың маңыздылығына тоқталды. Бұл бұған дейін соғылған және алдағы уақытта бой көтеретін спорт нысандарына да қатысты. Осы орайда коммуналдық мекемелердің мүмкіншілігін пайдалана отырып, бюджет қаражатын барынша тиімді жұмсауды ескертті. Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеліп, 10 күн уақыт берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support