Ең бастысы, алауыздықты еңсерудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпау қажет - Елбасы
Ең бастысы, алауыздықты еңсерудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпау қажет - Елбасы
Ең бастысы, алауыздықты еңсерудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпау қажет. Кеше Ақордада Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып жаңадан тағайындалған бірқатар шетел дипломатынан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Әлемдегі шиеленістер ошағының арта түсуі біздің барлығымызды да барынша алаңдатады. Әсіресе, Украинадағы қарсылық, Таяу Шығыстағы және басқа да өңірлердегі ахуалдың тұрақсыздығы назар аудартарлық. Бұл - экономикалық және қаржы саласындағы шектен асып кеткен жаһандық дағдарыстың салдары. Осынау қиын-қыстау кезеңде жанжалдардың одан ары ушығуына жол бермеу керек. Санкция алмасуларды қатаңдату - бұл жол тұйыққа тірейді», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте Елбасы мұндай тығырықтан шығудың жалғыз балама жолы келіссөздер, барлық күрделі мәселелерде түйісу нүктесін анықтау болып табылатындығын баса айтты. Сонымен қатар ҚР Президенті Қазақстан осы балама жолды ұстанатындығы және өзінің мүмкіндігінше ахуалға ықпал етуге тырысатындығын баса айтты.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz