Спорт және туризм

«ҚР Президенті Кубогы»: «Авангард» жерлестерімізді жеңіп кетті

«ҚР Президенті Кубогы»: «Авангард» жерлестерімізді жеңіп кетті

Омбылық «Авангард» хоккейден «ҚР Президенті Кубогы» додасында елордалық «Барыс» клубын 2:1 есебімен ұтып кетті.

Бұған дейін новокузнецкілік «Металлург» пен нижнекамскілік «Нефтихимик» бақ сынасып, буллиттер сериясында 3:2 есебімен «кеншілер» жеңіске жеткен болатын.

Ертең астана уақыты бойынша 14:00-де «Авангард» - «Нефтехимик»,  19:00-де «Барыс» - «Металлург» командаларының кездесуі басталады.

Ақпарат көзі:  kazinform.kz