Спорт және туризм

Каспаров пен Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясы президенттігіне таласады

Каспаров пен Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясы президенттігіне таласады

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) президентінің орынтағына таласады. Оның қарсыласы - федерацияның қазіргі басшысы, сонымен бірге өзгелерді басқа планеталықпен байланысқандығына сендіруге тырысумен аты шыққан Кирсан Илюмжанов, деп жазады Би-би-си. ФИДЕ президентін сайлау дүйсенбі күні норвегиялық Тромседе осы ұйымның Бас Ассамблеясының бірінші жұмыс күнінде өтеді. Кирсан Илюмжинов Халықаралық шахмат федерациясын 1995 жылдан бастап 19 жыл бойы басқарып келеді. 1993-2010 жылдар аралығында Илюмжанов Калмыкияның басшысы болды. Илюмжановтың оппоненттері оны Кремльдің қуыршағы деп санайды, Гарри Каспаров керісінше, Владимир Путиннің оппоненті екені белгілі. Каспаров Илюмжановтың Путинмен тығыз қарым-қатынаста екенін, Калмыкияның бұрынғы басшысы ФИДЕ президенті орынтағында ұзақ уақыт болуын ашық саясаттың қолдауы екенін айтты. Өзара айыптаулар «Ресейдің әлемдегі қай елшілігі болса да, Илюмжановтың орнында қалғанын қалауда. Бұл жерде әңгіме тек шахматта емес, астарында саясат жатқаны белгілі», - деді Гарри Каспаров. Каспаров бірнеше рет Илюмжановты өзінің сайлауалды сапарлары мен үгіттеу жұмыстарын жүргізуге ФИДЕ қаражатын пайдаланды деп айыптады. Оған жауап ретінде Илюмжанов қарсыласын жеңіске жеткен жағдайда кейбір тұлғалар мен компанияларға ірі көлемде қаражат бермек болған деп айыптауда. Илюмжанов сондай-ақ Саддам Хусейнмен немесе Муаммар Каддафимен байланысы бар деп айыпталды. Каддафимен ФИДЕ-нің бұрынғы президенті 2011 жылы жаз айындаТриполиде шахмат ойнаған. ФИДЕ президенті Ресей билігінің қолдауын пайдалануда әрі Сирия көшбасшысы Башар Асадпен таныс, ал Каспаров оппозиционер ретінде Хорватиядан даусқа салынуға мәжбүр. Халықаралық шахмат федерациясы 1924 жылы құрылған. 90 жылда оны алты-ақ адам басқарған. Атап айтқанда, Нидерландыдан Александр Рюб, швед Фольке Рогард, әлемнің экс-чемпионы голландиялық Макс Эйве, исландық Фридрик Олафссон, филиппиндік Флоренсио Кампоманес пен Илюмжинов.

 Ақпарат көзі: kazinform.kz