Білім

Бейбіт елдің ырысы тасиды

Бейбіт елдің ырысы тасиды

Зүлфия ҒАБИДУЛЛИНА, жүзуден Рио-де-Жанейро Паралимпиалық ойындарының чемпионы.

Қай ел болсын, ең алдымен тыныштықты қалайтыны жасырын емес. Алайда бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда берекесі қашып отырған мемлекеттер де жетіп артылады. Оны күнделікті естіп, біліп отырмыз. Ішінен іріп жатқан елдер қалай ғана дамудың даңғыл жолына түссін. Олар ең алдымен бас амандықтарын ойлайтыны ақиқат. Оны бәріміз жан жүрегімізбен сезінеміз. Ал біздің ел ондай қиындықтарға тап келетін жағдайда емес. Өйткені мемлекетімізде жүргізіліп отырған саясаттың өзі адамдардың тыныштығын күзетуге бағытталған. Тату елдің ырысы таситыны әлімсақтан аян. Сол тұрғыдан алып қарағанда, біз бақытты ғұмыр кешіп отырмыз. Кез келген саланы алып қарасақ, өсудің, өркендеудің табын аңғаратынымыз ақиқат. Мұның бәрі ел басқарып отырған азаматтардың тынымсыз еңбегінің сүбелі нәтижесі деп білемін. Бейбітшілік – біздің еліміздің басты ұстанымы. Біз сонымен мақтанамыз, осы бағытымызбен жаһанның көптеген мемлекеттеріне үлгі бола аламыз. Азаттық атаулы алтын ұғымға қол жеткелі бері дербес мемлекет ретінде бейбітшіліктің іргетасын бекітті. Одан жаман болған жоқпыз. Бәріміз «бір қолдың саласындай, бір атаның баласындай» жұмылып, бірліктің туын көтеріп, жақсы ғұмыр кешудеміз. Қазақстанға қызыға, қызғана қарайтын елдер көп-ақ. Өйткені экономикасы дамып келе жатқан, ең бастысы жік-жікке бөлінбей бір тудың астында барақат өмір сүріп жатқан мемлекетке кімнің де болсын назары ауатыны анық. Біздің елде жүзден астам ұлт пен ұлыс қоныстанған. Қазіргі кезде бәрі де тату, достық қарым-қатынас орнатқаны ақиқат. Бұл – мемлекеттік саясаттың жемісі. Спортшыларға барлық жағдайды қарастырып отырғандықтан біз еліміздің үмітін ақтауға тиіспіз. Өйткені ол біздің – асыл парызымыз. Татулығымыз бен бірлігіміз арта берсін! Тәуелсіз Қазақстан жасасын!