Білім

Татулықтың туы тұрар желбіреп

Татулықтың туы тұрар желбіреп

Ғажап елім, ұлылардың жалғасы, Көк жүзінде қыран сынды самғашы. Қазақстан – бауырмалдық айнасы, Қазақстан – татулықтың ордасы.

Сенсіз жүрек қалатындай қаңырап, Сенен басқа болсын қандай тағы бақ? Менің елім – мейірімнің Отаны, Жүз отыз ұлт сыйып кеткен шаңырақ.

Ай да, жыл да, ғасыр, дәуір өтеді, Бәрі-бәрі тарих болып кетеді. Қазақстан – жүрегі кең даладай, Қазақстан – жақсы адамдар мекені.

Біз қараймыз айналаға елжіреп, Қазақстан құлпырар кез келді деп. Қазақстан – Хан Тәңірі достықтың, Татулықтың туы тұрар желбіреп.

Гульрух ГАДЖАРОВА, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Тараз қаласы.