Қоғамдық келісім – біздің басты байлығымыз
Қоғамдық келісім – біздің басты байлығымыз
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығын нығайтып, бейбіт өмірдің бағасын бағамдайтын ерекше күн. Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздегі ішкі тұрақтылықтың негізі. Біздің басты байлығымыз да – осы. Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Бүгінгі күні елімізде 130-дан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл – әрбір қазақстандықтың Отанға сүйіспеншілік сезімін көрсететін күн. Жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Құрметті жамбылдықтар! Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілейміз! Бір шаңырақтың астына ортақ мүдде жұмылдырған халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі нығайып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын! Қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі.