Денсаулық

Бір таблетка жарты литр қымызға тең

Бір таблетка жарты литр қымызға тең

Ғылыми тұрғыдан қымыз өндірісін ілгерілетуді облыс ғалымдары назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары таблетка түріндегі және ұнтақталған қымыз әзірлеуді қолға алуда. Бір таблетка жарты литр қымыздың эквивалентіне тең. Исабай Бекбасаров басқаратын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Ғылым және жаңа технологиялар департаменті «Абсент» шаруашылығымен бірлесіп, қымыз өндірісін ғылыми жолмен дамытып келеді. Жаңашылдықпен жолға қойыла бастаған шаруашылық «Хан қымыз» қымыз өндірісін жандандыруда. Ал университет зертханасы әлі де ізденіс үстінде. Бүгінде екі ай көлемінде қымызды сақтауға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта, оның сақталу мерзімін алты айға жеткізу жоспарлануда екен. Сондай-ақ тек ұнтақ және таблетка түріндегі қымызды зерттеумен шектелмей, құрғатылған бие сүтінен дәнді дақылдар негізінде балалар тағамын жасауды да қолға алып, зерделеу үстінде. Бұл саланы ғылыми тұрғыдан жандандыру мақсатында арнайы қауымдастық та құрылды. Алдағы уақытта қымыз өндірушілердің палатасын құру да жоспарланып отыр екен.

Меруерт Кайнышева, ТарМУ-дың 4-курс студенті.