Тағайындау
Тағайындау
Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі №64 Ж/Қ өкімімен Нұржан Сәбитұлы Календеров Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Нұржан Сәбитұлы Календеров 1976 жылы туған. Білімі жоғары. 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар»» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған. «Шың» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тараз қалалық бөлімшесінің аға маманы, Жамбыл облыстық филиалының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы департаментінің бөлім бастығы, директор орынбасары, директоры, Жамбыл және Қордай аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылғы наурыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.