Жаңалықтар

Тоқаев Зеленскийді құттықтады

Тоқаев Зеленскийді құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.

Хаттаманың 90,25 пайызы саналғаннан кейін Владимир Зеленский Украина президенті сайлауында 73,18 пайыз дауыспен көш бастап келе жатыр. Ал Петр Порошенко үшін украиналықтардың 24,4 пайызы дауыс берген.

tengrinews.kz