Облыс бойынша жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтарды электронды базаға енгізу жұмыстары бойынша АҚПАРАТ
Облыс бойынша жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтарды электронды базаға енгізу жұмыстары бойынша АҚПАРАТ
Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер теліміне кезекке тіркелген азаматтардың тізімін электронды нұсқаға ауыстыру және жер теліміне нақты сұраныс көлемін анықтау мақсатында электронды дерекқор (http://izhs.uzo-zhambyl.kz) жүйесі әзірленді. Электронды дерекқор жүйесіне Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер теліміне кезекке тіркелген 112 221 (01.04.2019ж жағдайға) азаматтың 103 550 азамат енгізілді. Электронды базалық дерекқор жүйесіне енгізілген азаматтардың тізіміне басқарма мен Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктері тарапынан талдау жұмыстары жүргізіліп, төмендегі анықталды: - 7 317 азамат бір отбасынан кезекте тұрған; - 293 азамат АХАЖ бөлімінің мәліметтеріне сәйкес қайтыс болғаны; - 27 азамат ауған соғысының ардагері. - 565 өзге облыстан тіркелгендері; - 7 азамат ҰОС ардагерлері; - 192 азамат кезекке қайталанып теркелгендігі анықталды. Электронды дерекқор жүйесіне енгізу сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Тараз қаласы және аудандар әкімдіктері тарапынан тұрақты жүргізілуде. Осы орайда, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер учаскесіне арнайы кезекте тұрған азаматтардың тізімін электронды форматқа көшіру және автоматтандыру үшін, кезекте тұрған азаматтарды жеке куәліктерімен бірге жергілікті Тараз қаласы бойынша жер қатынастары және аудандар әкімдіктері бойынша жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылысы, жер қатынастары бөлімдеріне келулерін сұрайды. Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы