Әдебиет

Тәуелсіздік тудырған ғимараттар

Тәуелсіздік тудырған ғимараттар

Тартпас ел боп келеміз теңге мұңын, Зерлеп жатыр далаңды зергер ұлың. Зәулім-зәулім ғимарат бағасы ол да, Құрыш қолды құрылысшы еңбегінің! Сағым болса бұ күні мұң да, қатер, Еңбек жайлы жырлайық, тыңда, дат ел. Қиылады көздер де жаңа үйлерге, Бұйырады екен деп кімге пәтер?.. Тынысынан өлкенің жиған ақпар, Тарихым тұр, ғасырға сыйған қатпар. Таразымның ажарын аша түсті, Тәуелсіздік тудырған ғимараттар. Қарсы тұрса, тұрсыншы дұшпан алдан, Ел боп өстік еңселі құшқан арман. Мерекең құтты болсын құрылысшы, Екі қолға бір күрек ұстап алған!

Табиғат Абаилдаев