Экономика

Мектеп құрылысы қарқынды

Мектеп құрылысы қарқынды

«Жамбыл ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша ағымдағы жылдың сәуір айынан бас мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС (директоры М.Жүнісов) құрылысшылары Еңбек ауылында 120 орындық орта мектеп ғимаратының құрылысын бастаған болатын. Санаулы айлар ішінде ғимараттың екінші қабатын көтеріп, бірінші қабаттың сылағын жүргізіп үлгеріпті. 

Біз құрылыс басында бас мердігер компаниясы­ның бас инженері Темірлан Баймолдаевты сөзге тартқанбыз. – Құрылыс жоғары қарқынмен жүргізілуде. Басты мақсатымыз – жұмысымызды сапалы атқару. Мұнда 90-ға жуық құрылысшы еңбек етеді. Нысанды біз жоспар бойынша 2015 жылдың маусым айында пайдалануға беруіміз керек. Бірақ, құрылысты осы жылдың қараша-желтоқсан айында бітірсек деп отырмыз. Ол үшін аудан әкімшілігі құзыретті орындарға 2015 жылға жоспарланған қаражатты 2014 жылға алуға ықпал ету сұралып, құрылыс бөлімі атынан хат жолданыпты. Біз 2014 жылға бөлінген қаражатты толық игердік. Егер қаржы қолға тисе, мектеп құрылысын мерзімінен бұрын, яғни, алдағы қараша-желтоқсан айында аяқтауға мүмкіндігіміз бар, – деді ол.

Дүйсенбек Орманов, журналист.

 Жамбыл ауданы.