Маңызды шешім
Маңызды шешім
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап Үндеу жариялады. Онда кезектен тыс президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымы күніне белгілегенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы айтулы күнді Елбасымен ақылдаса отырып, Премьер-Министрдің, екі палата депутаттарының және басқа да тұлғалардың келісімімен шешілгенін айтты. Біздер, ардагерлер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін толық қуаттаймыз. Қазақстан демократиялық зайырлы мемлекет болғандықтан, қазақстандықтар Президенттің шешімін қолдайды, өйткені өздерінің келешегін мемлекеттің келешегімен байланыстыра отырып, ертеңгі күнге деген сеніміне бейжай қарай алмайтындықтан да осындай қадамға барады деп нық сеніммен айта аламын. Облыс ардагерлері президент сайлауына толықтай қатысады және сайлауалды жұмыстарына да белсене атсалысады. Еліміздің келешегі – ұлтымыздың, ұрпағымыздың келешегі. Бұл аса зор саяси науқаннан елім, жерім деген кәмелетке толған әрбір қазақстандықтар қалыс қалмауы тиіс. Бізге еліміздің саяси, әлеуметтік тұрақтылығы ауадай қажет. Облыс тұрғындарын Президент Үндеуін терең ұғынып, президент сайлауына түгел қатысуға шақырамын.
Еркінбек СОЛТЫБАЕВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Тараз қаласы.