Қанаттың қарқыны қатты
Қанаттың қарқыны қатты
Кәсіпқой боксқа осыдан екі жыл бұрын ғана ауысқан Қанат Исламның қарқыны қатты. WBA тұжырымдамасы бойынша бірінші орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақ баласы бүгінгі күнге дейін 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ол кеше Колумбияда өткен кезекті шайқасын да сәтті аяқтады. Қанаттың осы жолғы қарсыласы колумбиялық боксшы Фиделя Монтерроса Муньос болды. Негізі бұл сегіз раундтық жекпе-жек еді. Бірақ, қазақ боксшысы бесінші раундта Фиделяны нокаутқа жіберіп, әдеттегідей, кездесуді ерте бітірді (18 кездесудің 15-ін нокаутпен аяқтаған). Қанат Ислам WBA рейтингісінде бұған дейін тоғызыншы сатыда тұрған. Осы жетістігі оған біршама жоғарылауға мүмкіндік беретіні анық. Бұл өз кезегінде оның чемпиондық белдікке таласуына жол аша түспек.
Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».