Экономика

Облыс көрсеткіштері көңілге қонымды

Облыс көрсеткіштері көңілге қонымды

Облыс аумағы 144,3 мың шаршы метрді құрайды. Жалпы халқының саны 1 миллион 124,6 мың адам, оның ішінде қала халқы – 39,7 пайыз көлемінде. Облыста 10 аудан және облыс орталығы Тараз қаласы мен Қаратау, Жаңатас, Шу моноқалалары бар.

Өңір өнеркәсібі: 10 миллиард теңге сомасына 6 жоба іске асырылды

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс өнімдерінің сомасы 396,2 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 102,6 пайызды құраған. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеуде 6,1, өңдеу өнеркәсібінде 3,2 пайыз өсім байқалып отыр. Сонымен қатар өткен жылы индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 миллиард теңге сомасына 6 инвестициялық жоба іске асырылған, бұл 481 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Олар – «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» филиалының аммофос өндірісі көлемін 500 мың тоннаға дейін арттыру, «Ер Тай» ЖШС-ның Ақсүйек кен байыту фабрикасында өндірілетін қорғасын-мырыш кендерін өңдейтін флотациялық-гравитациялық кен байыту фабрикасына реконструкциялау және жаңғырту, «ШақпақДорсервис» ЖШС-ның битум зауытының реконструкциясы, «Джанабекова С.С.» ЖК-ның кондитер фабрикасының құрылысы, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-ның құс шаруашылығы қалдықтарын ет-сүйек ұнына айналдырып, өңдеу бойынша жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу, «Са-Ба ЛТД» ЖШС-ның Меркі мұнай өңдеу шағын зауытының реконструкциясы мен жаңғырту жобалары.

Ауыл шаруашылығы: егін егілетін жерлер аумағы 38,9 мың гектарға дейін ұлғайды

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6,1 пайызға дейін артып, жалпы сомасы 264,8 миллиард теңгені құрады. 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 2017 жылмен салыстырғанда 669,1 мың гектар немесе 38,9 мың гектарға артық алқапқа егілді, оның ішінде қант қызылшасы егістігінің көлемі 8,4 мың гектарға жетті. Жалпы астық түсімі 671,1 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, облыс бойынша орташа түсім гектарына 24,1 центнерден айналған. 128,2 мың тонна немесе 2017 жылғы деңгейге шаққанда 105,1 пайыз көлемінде ет, сүт, 131,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Осы ретте агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2018 жылы 14,5 миллиард теңге субсидия бағытталғанын айта кеткен жөн. Өңірде инвестициялар көлемі 8,4 пайызға артты

2018 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 8,4 пайызға артып, жалпы сомасы 255 миллиард теңгені құрады. Инвестициялар өсімі Жуалы ауданында «BurnoyeSolar-2» күн электр стансасын жаңғыртуға салынған салымдар және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл бөлімінің темір жол желілерін күрделі жөндеуден өткізуі есебінен қамтамасыз етілді. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 63,3 мың бірлікті немесе 2017 жылмен салыстырғанда 107,8 пайызды құрады. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын іске асыруға жергілікті және республикалық бюджет есебінен 2 миллиард 223,9 миллион теңге бөлінді. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 31 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2018 жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 12,4 миллиард теңге бөлінді. Өткен жылы бағдарламаға 39 386 адам қатысты. 31220 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 68,9 пайызы (21496 адам) тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 770 адам кәсіби дайындыққа, 4212 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді, 3829 адам оқуды аяқтады, олардың ішінен 2445 адам немесе 63,9 пайызы жұмысқа орналасты. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында бағдарламаның екінші «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша 1904 адам оқытуға жолданды. Оның ішінде 1745-і кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтады, 1061 адам шағын несиелер алды, олардың 870-і жеке істерін ашты және қосымша 612 жұмыс орнын құрды. Бағдарламаның үшінші «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 1459 адам жіберіліп, 2686 түлек Жастар тәжірибесінен өтті. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 5579 адам тартылды. 2018 жылы Жамбыл облысынан солтүстік өңірлерге 739 адамнан құралған 198 отбасы қоныс аударған. Олардың ішінде 77 отбасы – Солтүстік Қазақстан облысына, 48 отбасы – Павлодар облысына, 42 отбасы – Шығыс Қазақстан облысына, 31 отбасы Қостанай облысына көшті. Өңірдің білім беру жүйесі: мектепке дейінгі мекемелерде 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі 98 пайызды құрады

Облыста 446 жалпы білім беретін мектеп пен 48 колледж бар. Мектептердің жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықталуы: химия пәні – 192, биология кабинеті – 206, физика кабинеті – 198, робототехника – 161. Өңірде Байзақ ауданының Ақшолақ ауылында жобалық қуаты 80 орындық бір үш ауысымда мектеп қана қалды. Сонымен бірге өткен жылы ескі мектептің орнына 120 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысты 2019 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Облыста мектепке дейінгі білім беру бағытында 55042 бала қамтылған 534 мекеме бар (384 балабақша – 47872 бала және 150 шағын орталық – 7170 бала). 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі — 84, 3 жастан 6 жасқа дейін 98 пайыз көлемінде қалыптасты. Денсаулық сақтауды дамыту:«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша облыста 122 жас маман жұмыс істейді

Облыста 397 денсаулық сақтау ұйымы, оның ішінде 30 аурухана, 357 амбулаторлық-емханалық мекеме, 4 шипажай, 1 оңалту орталығы, 5 басқа да мекемелер бар. Денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) 14167 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 3086-сы – дәрігер, орта медициналық білімі бар медицина қызметкері – 11241. Облыс бойынша дәрігерлермен қамтылу үлесі 2018 жылы 10000 адамға шаққанда 2017 жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға артты. Ең жоғары өсім Жуалы және Мойынқұм аудандарында байқалды, тиісінше 2,1және 3,4 пайыз. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2018 жылы облысқа 122 жас маман келді, олардың 102-сі ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Барлық келген қызметкерлерге біржолғы ақшалай көмек және қызметтік тұрғын үй берілді. Денсаулық сақтау саласында оң үрдіс байқалады. Нәресте өлімі 7,7 пайызға төмендеді. 2018 жылы ана өлімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға кеміген. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім деңгейі 10,2 пайызға төмендеді. Сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім мен аурулар азайды, туберкулез бойынша да осындай қарқын байқалады. Цифрландыруды жүзеге асыру аясында Тараз қаласында және аудан орталықтарында 398 медициналық мекеменің 364-і интернет желісіне қосылған, бұл 92 пайызды құрайды. Облыстың медициналық ұйымдарында 856 911 электрондық денсаулық паспорты енгізілген, бұл жалпы тіркелген азаматтар санының 74,1 пайызын құрайды. Құрылыс және ТКШ: 2 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

2018 жылы облыста қаржыландырудың барлық көздері есебінен көп қабатты 38 тұрғын үй салынды, оның ішінде 28 нысан немесе 2073 пәтер (1 бөлмелісі – 308, 2 бөлмелісі – 1162, 3 бөлмелісі – 564, 4 бөлмелісі – 45) толығымен аяқталды және пайдалануға берілді. – Жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 22 800 шаршы метр болатын 400 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй; – Жалпы ауданы 56984 шаршы метр 953 пәтерден тұратын 13 жалға берілетін үй; – Жалпы ауданы 53423 шаршы метр 720 пәтерден тұратын 9 несиелік тұрғын үй. Жалпы, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 125,6 миллиард теңгені немесе 2017 жылға қарағанда 105 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысы, сумен және газбен жабдықтау жүйелерінде, мектептерді салу және күрделі жөндеу, автомагистральдарды қайта жөндеу, басқа да шағын кәсіпорындар орындайтын құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі артты.

РrimeМinister.kz