Әлеумет

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады

Осы демалыс күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында термометр бағаны 42 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап. "Каспий теңізінің солтүстігінде тұрған циклон алдағы үш күн ішінде жайлап солтүстік-шығысқа қарай ауысады, сөйтіп Қазақстанның батыс облыстары аумағында өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы 33-41 градус ыстықтан 25-33 градус жылыға дейін төмендейді. Республиканың басқа облыстарына жоғары атмосфералық қысым бұрынғысынша ықпал ететін болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз, аптап ауа райы сақталады, күндізгі температура 27 градустан 37 градусқа дейін жоғарылайды, Қазақстанның оңтүстік және орталық бөліктерінің кей жерлерінде 38-42 градусқа дейін ыстық болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында. Мұндай температура көпжылдық орташа мөлшерден 3-7 градусқа жоғары. Дүйсенбі, 11 тамыз күні солтүстік облыстарда өткінші жаңбыр жауып, соның әсерінен ғана аптаптың беті қайтуы мүмкін.