Әлеумет

Автобус жүргізушілері жол ережесін үш күн ішінде 623 рет бұзды

Автобус жүргізушілері жол ережесін үш күн ішінде 623 рет бұзды

Астанада "Автобус" рейдтік іс-шарасының нәтижесі шығарылды. Үш күн ішінде автобус жүргізушілерінің жол-көлік ережесін 623 рет бұзғаны анықталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"5-7 тамыз аралығында Астана қаласы жол-патруль полициясының 300-ден астам қызметкері "Автобус" атты профилактикалық іс-шара жүргізді. Шара барысында автобус жүргізушілерінің жол ережесін 623 рет бұзғаны белгілі болды. Бұл туралы  Аstana.kz сайтына Астана қаласының ІІД хабарлады", - делінген хабарламада.

Оның ішінде, қалдық заттарды сақтап, ауаны ластаудың 132 жағдайы, жүк және жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамаудың 32 факті тіркелді. Сонымен қатар, автобус паркінің 6 жауапты тұлғасы түрлі жол-көлік заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. 33 автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін, 6 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төледі.

"Мұндай профилактикалық шаралар қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.", - делінген сайтта.

Ақпарат көзі:tengrinews.kz