Саясат

Ресейдің жауап санкциялары КО мен ЕЭК-тің басқа мүше-елдерін тартуды көздемейді - Н.Назарбаев пен В.Путиннің телефон арқылы сөйлесуі

Ресейдің жауап санкциялары КО мен ЕЭК-тің басқа мүше-елдерін тартуды көздемейді - Н.Назарбаев пен В.Путиннің телефон арқылы сөйлесуі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары еуразиялық кеңістіктегі екі жақты ынтымақтастық және өңірлік өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Екі мемлекет басшылары Украинадағы дағдарыс жағдайы, сондай-ақ Украина Президентімен, оның ішінде Кеден Одағы мүше-елдерімен және Украина өкілдерімен кездесу немесе ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы ауқымында  тікелей келіссөздер жүргізу арқылы түрлі пішімде бірлескен қадамдар қабылдау мүмкіндігі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей Президенттері алдағы Сочи қаласындағы Әзербайжан мен Армения Президенттерінің кездесуінде екі тараптың ұстанымдарын жақындастыру жайын талқылады. Ресей Президенті Қазақстан Президентін Ресей Федерациясының бірнеше елден ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге салынған шектеу әрекеттерінен хабардар етті. Бұл РФ-нің бір жақты шарасы болатыны атап өтілді және КО мен ЕЭК-нің басқа мүше-елдерін тартуды көздемейді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz