Головкин күн санап күшеюде - Санчес
Головкин күн санап күшеюде - Санчес
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес бәсекелестік жағынан қазақстандық боксшы баяғыда-ақ Андре Уордты артқа тастады деп есептейді. Бұл жөнінде «Вконтактедегі» GGG парақшасында хабарланды. «Головкин күн санап күшеюде және өткеннің ұлы боксшыларына жақындай түсті деп сенемін», - дейді бапкер. «Андре мен промоутері арасында түсініксіз жағдайлар орын алуда, бұл оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп отыр. Бірақ соған қарамастан егер ол Головкинмен жекпе-жек өткізетін болса, әлі де болса өз талаптарын қоя алады деп ойлайды. Уорд ақшаның негізгі бөлігін алғысы келеді, бұл жекпе-жектің өтуіне кедергі болмақ. Уорд Super Six-ті ұтқан шығар, бірақ содан бері не жекпе-жектерде, не жарнамада түк бітіре алмады», - дейді Санчес. «Ол өзінің туған жерінде өткен жекпе-жектердің өзінде билет сата алмады, тіпті Родригеспен болған кездесуде де адам аз келді. Уордтың стилі мен оның мүмкіндіктері бүгінгі аудиторияны қызықтыруға қауқарлы емес», - деп атап өтті бапкер.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz