Жаһан

Қазақстан-Қытай шекарасында ірі Duty Free сауда орны ашылады

Қазақстан-Қытай шекарасында ірі Duty Free сауда орны ашылады

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қытай жақ бөлігінде ірі Duty Free дүкені ашылады. Ол сондай-ақ, ҚХР солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі баж салығы салынбай сауда жүргізілетін  алғашқы сауда орны болады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, баж салығынан босатылған дүкен келер жылдың 13 тамызында ашылады. Алғашқы Duty Free-дің аумағы 2 мың шаршы метрді құрайды. Шыңжаң тұрғындары жеке куәліктерін көрсету арқылы осы жерден тауар сатып ала алады. Олар күн сайын сапалы тауарларды  8 мың юаньға ($1300) сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Қытайлық басқарушы компанияның өкілдері атап өткендей, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы Duty Free дүкенінде  сапасы жоғары еуропалық және әлемдік брендті тауарлар сатылады. Баж салығы салынбаған сауда бүгінде Бейжің, Шанхай және Санья (ҚХР, Хайнань провинциясы) қалаларында жұмыс істеуде.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz