Білім

Қазақстандық студенттер математикадан халықаралық олимпиадада 2-орын алды

Қазақстандық студенттер математикадан халықаралық олимпиадада 2-орын алды

2014 жылдың 29 шілдесі мен 5 тамызы аралығында Благоевград қаласында Назарбаев Университетінің студенттер командасы математикадан 21-ші халықаралық олимпиадаға қатысты, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі. Олимпидаға әлемнің 51 елінен 73 команда қатысты. Аталған олимпиада студенттерге арналған халықаралық математикалық олимпиада болып саналады.  Өз білімдерін әлемнің үздік университеттерінің  үздік студенттері көрсетті. Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Олардың әрқайсысы 5 сағатқа созылды. Қорытындысында Назарбаев Университетінің студенттері командасы бір күміс, екі қола мен екі студент құрмет грамоталарын алды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz