Экономика

Қазақстанда құрастырылған көліктер Ресей нарығына шықпақ

Қазақстанда құрастырылған көліктер Ресей нарығына шықпақ

Қазақстанда құрастырылған SsangYong Nomad көліктері жақын арада Ресейде сатылатын болады, деп хабарлады  AllurGroup автомобиль компаниялары тобының баспасөз қызметінен. Компанияда атап өткендей, бұл үшін экспорттың түрлі амалдары қарастырылыпты. «Бұл мәселені оңтүстік кореялық серіктесіміздің қатысуымен шештік. Яғни Nomad көліктерін SsangYong Motor Company компаниясы бізден сатып алып, кейін оны Ресейге тасымалдаумен айналысады. Бұл тиімді шешім деп ойлаймын. Осылайша Nomad көлігінің сапасына Ресейдегі серіктестіктер сенетін концерн жауап береді», - деді AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев. SsangYong Nomad көлігінің негізгі артықшылығы ол CKD әдісімен құрастырылған, бағасы да бәсекеге қабілетті. Еске сала кетейік, бір жыл бұрын  SsangYong Motor Company-дың  Ресейдегі өкілі - «ДЦ СанЙонг» Қазақстанда құрастырылатын оңтүстіккореялық маркілі көліктер Ресей нарығына шықпайтынын айтқан.  Оған «ДЦ СанЙонг» брендтің Ресейдегі жалғыз өкілі және «SsangYong» тауарлы белгісі лицензиясының иесі» болуы негіз болған. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz