Басты жаңалық

Ален Делонға ауыр ота жасалды

Ален Делонға ауыр ота жасалды

Француздың атақты актері Ален Делонға ауыр ота жасалды.

78 жастағы әртіс 3 тамыз күні дереу ауруханаға жеткізілген болатын. Актерге операция жасалғандығы туралы ақпарат БАҚ беттерінде тек 6 тамыз күні ғана жариялана бастады. 3 тамыз күні арқасы қатты ауырып, өздігінен қозғала алмайтынын түсінген Ален Делон жедел жәрдем шақыртқан. Актер тез арада Париждегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Ауыр отаны дәрігерлер оған 4 тамыз күні жасады. Айта кетейік, Ален Делонға 2012 жылы аритмия диагнозы қойылған болатын. 2013 жылы француз жұлдызы осы диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Бірақ, ол уақытта дәрігерлер операция жасаудың қажеті жоқтығын айтыпты.