Чернобыль қорыққа айналмақ
Чернобыль қорыққа айналмақ
Украина экология министрлігі ЧАЭС аймағында Чернобыльды биосфералық қорыққа айналдырмақ.
Бұл туралы ведомство басшысы Андрей Мохник мәлім етті. Оның айтуынша, қорықтың аумағы 230 мың гектарға жетпек, бұл Украинадағы ең ірі экологиялық аймаққа айналмақшы. Қорықты құрудың басты мақсаты – Полесьенің экожүйесін табиғи жағдайда сақтау және Чернобыль аймағын оңалту болмақ. Қазір жоба Киев облыстық әкімшілігінде келісуде жатыр. Мохник Украина Министрлер кабинеті бұл мәселені парламент сайлауына дейін қарап үлгереді деген сенімде.