Қазақстанға Қырғызстаннан су беру қалпына келтірілді
Қазақстанға Қырғызстаннан су беру қалпына келтірілді
Қырғызстанның Үшқорған ГЭС-інен Қазақстанға қайтадан секундына 350 текшеметр көлемде су беріле бастады.
Қазақстан 390 миллион текшеметр су беруге өтініш жасаған болатын. Қырғызстан су орнына жылыту маусымындағы тапшылықты жабу үшін 1 миллиард киловатт сағатқа дейін электр қуатын алатын болады. Тараптар ұсынылатын электр қуатының бағасы туралы әзірге келіскен жоқ. Қырғызстан осыған дейін ішкі нарықтағы қуат тапшылығын жою үшін оның әр киловатт-сағатын 2 центтен Тәжікстаннан алып келген болатын. Үстіміздегі жылдың шілде айында су тапшылығына байланысты Қазақстанға оны беру тоқтатылды, қазір су жеткізу қалпына келтірілді. Қырғызстан су шаруашылығы департаментінің мәліметі бойынша қазірге дейін республикадағы бөгендерде жиналған судың 70 пайызға жуығы жұмсалған.