Басты жаңалық

Басты рөлді қазақ қызы ойнайды

Басты рөлді қазақ қызы ойнайды

«Жалғыз бізге ғана мәлім орын» («Место известное лишь нам одним») атты Қытай фильміндегі басты рөлде қазақ қызы Риза Әлімжан ойнайды.

Жаңа туынды экранға 2015 жылдың ақпанында шығады деп күтілуде. Ризаның кинодағы серігі - EXO группасының мүшесі, актер Ву Ифань. Риза Әлімжан 1986 жылы Пекин қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы қалалық тіл оқыту орталығында жұмыс істейді. 15 жасынан актерлік өнерге ден қойған Риза бұған дейін бірнеше Қытай фильміне түсіп үлгерген («Слепое кино», «Большой бой», «Удача приходит», «Святилище Жень Хуан Чуан»).