Бозарша көшет тері бой түзеді
Бозарша көшет тері бой түзеді
Көріктендіру, көгеріштендіру және санитариялық тазалық айлығы барысында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен сенбілік өткізілді. Бұл күні көше бойлары мен саябақтар тазартылып, тал-дарақтар отырғызылды. Мұндай жұмыс Ниетқалиев көшесі бойында орналасқан скверде де жалғасын тапты. Бұрын Жалайыр мен Рысбек батыр көшелерінің аралығында орналасқан бұл ара бос жатқан алаңқай болатын. Онда тұратын жұрт тазалық мәселесін көтеріп, қала әкімдігіне жиі шағым түсіретін. Жұрттың өтініші ескерусіз қалмады. Былтыр Қайрат Рысқұлбеков аллеясын жөндеген тұста, ол жерден шыққан тас төсенділерді осы скверге әкеліп төсеген болатын. Бұл жұмыстар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліпті. Скверде облыс әкімдігі мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты мекеменің қызметкерлері көріктендіру шарасына атсалысып, 100 дана бозарша көшетін отырғызды. Осынау игі шараның басынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков те табылды. Сондай-ақ өзге учаскелерде де сәндік тал-дарақтармен қатар 5 000-ға тарта қарағаш көшеті отырғызылып, көше бойлары күл-қоқыстан тазартылды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы.