Әдебиет

Бір орында кідірмейді бұл ғалам

Бір орында кідірмейді бұл ғалам

Бүгінгі күн, ертең – тарих тыңдаған, Бір орында кідірмейді бұл ғалам. Уақыт санап асығамыз, Білінбей, Әр өткен күн – қарттығыңа бір қадам. Қалдырмаймыз жастық шақта із неге? Уақыт келер аңсайтұғын бізге де. Еске алатын жасыл көйлек көктемін, Адам түгіл өкінішті күзге де. Жастық шағың, сірә, емтихан әр таңға, Алма-кезек өмір салар сарсаңға. Бір қолыңды малып жүрсең жастыққа, Қарттық тұрады екінші бір қалтаңда.