Химиктер жұмысын тоқтатпайды
Химиктер жұмысын тоқтатпайды
«Казфосфат» ЖШС электр қуатын қолжетімді бағаға еліміздің солтүстігінен алады. Оңтүстік пен солтүстікті байланыстырып тұрған жоғары кернеулі желінің біраз уақытқа жөнделуіне байланысты ол жақтан қуат берілмейді. Кәсіпорын Жамбыл ГРЭС-нің өнімі тым қымбат болғандықтан жұмысты уақытша тоқтатпақ болған. – Әйтсе де бізді облыс басшылығы қиындық құрсауында қалдырмады. Біздің мәселеміз Үкіметтік деңгейге жеткізілді. Соның нәтижесінде оны шешуді бірден бірнеше министрлік қолға алды. Желіде жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бізге электр қуаты басқа көздердің есебінен беріледі. «Казфосфат» ұжымы мәселемізді шұғыл шешкені үшін Үкіметке және облыс әкімдігіне ризалығын білдіреді. Өндірістерде қазірге дейін бірде бір пеш жұмысын тоқтатқан жоқ. Қазір біз кестеге сай жұмыс істеудеміз, – дейді «Казфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров.
«Ақ жол-Ақпарат».