- Advertisement -

Дертіне дәру болған

84

- Advertisement -

Өңірдегі білікті уролог-дәрігерлердің қатарына Қуаныш Елубаевты қосуға болады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын 2003 жылы бітіріп, еңбекке араласқалы бері қаншама адамның алғысын алды. Он алты жылдық тәжірибесі бар маман «ер-азаматтар өз денсаулығына көңіл бөлуі керек» дейді.

Есет ДОСАЛЫ

Оның осы саланы таңдауы да бекер емес. Марқұм әкесі Керімжан дәрігер еді. Анасы Мария дәріхананың меңгерушісі болып жұмыс істеді. Содан шығар, дәрігерлер әулетінің перзенті де осы салаға бет бұрғаны. Қазір күнделікті оның алдына қаншама науқас келіп, ем алады. Дертінен арылып, жадырап қайтатынына қуанады. Ол үшін талай ұйқысыз түндер, күлкісіз күндер, бейнетке толы сәттер өтетіні белгілі.
Аурудың емін тауып, шипасын дарыту қайдан оңай болсын. Қ.Елубаев – бұл күнде №2 қалалық ауруханасында урология бөлімінің меңгерушісі. Бөлімде 42 адам еңбек етсе, оның 7-еуі дәрігер екен. Онда тәулігіне шамамен 10-15 адамға ота жасалса, көбісі эндоскопиялық жолмен жүргізілетіндіктен, әр отаға 20-25 минут ғана уақыт кетеді. Қуаныш ондайда Ақылбай Арынов, Құдайберген Серік секілді 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті дәрігерлерге сенім артады. Өзінің де қолы жеңіл. Ауыр халде түскен науқастар да бұл жерден құлан-таза жазылып, алғыстарын айтып шығып жатады. Бұл бөлім меңгерушісі, білікті уролог-дәрігер Қуаныштың қарамағындағы тәжірибелі дәрігерлердің, жас мамандардың білімі мен тәжірибесін пайдаланып, ортақ мақсатқа жұмылдыра білгенінің арқасы. «Жақында осындай отаны өзімнің басымнан өткердім. Әуелі қобалжып, уайымдап келгенім де рас. Мұндағы абзал жандардың мейірімді жүзін көргенде қорқынышым сейіліп сала берді. Ақ халаттылар қандай мейірімді болса, қолдары да сондай шипалы екен. Жылы сөздің де жанға ем болатынын тағы бір сезіндім. Ота сәтті өтті. Дәрігерлердің біліктілігіне әбден көзім жетті», – дейді осында ем алушы әріптесіміз Дүйсенбек Орманов.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support