Саясат

МАРАПАТ ТАЛДЫ

МАРАПАТ ТАЛДЫ

Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың өкімімен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын негізге ала отырып, көп жылғы жемісті еңбегі, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай: «Мейірім» медициналық орталығы мекемесінің массаж бөлмесінің медбикесі – Гапурова Нишанкуль Нишантаевна, Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі – Достаева Роза Омарбекқызы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокуроры – Дүйсембекова Гүлнәр Берікбайқызы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Фронт-офистерді үйлестіру басқармасының басшысы – Жанабаева Венера Оспановна, Тараз қалалық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімшесінің бас маманы – Мұсаева Гүлжан Құдайбергенқызы, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі – Садыкова Гулбану Амиркуловна Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.