Әлеумет

Әже тілегі

Әже тілегі

Жұрт ішінде салмағы аз қауырсыннан, Жалғыздықтан жан едім сағы сынған. Жалғағандай үзілген үмітімді, Апалаған айналдым дауысыңнан. Тыңдап едің сөзімді зейін салып, Марқайдым мен көзіңнен мейір танып. Өз ұлымды көргендей болдым сонда, Қайғы жұтқан күндерім кейін қалып. Ол да сендей еркелеп назданатын, Әзіліне бұртисам мәз болатын. Алдадым деп құшақтап сүйген шақта. Төбем көкке жетуге аз қалатын. Ол да сендей намыс пен ар ойлаған, Жығылғанға қол созып қарайлаған. Отаным деп от кешкен перзент еді, Жүрген жерін жарық қып арайлаған. Елестеткен баламның нар тұлғасын, Жалын атқан жанарың жарқылдасын. Жаратқаннан тілеймін күндіз-түні, Тағдыр сенің жолыңды тар қылмасын. Қиындықтар жолықса жасымағын, Жеңістерге жеткенде тасымағын. Бәле-жала, тіл-көзден аман болып, Құлпырса екен, құлыным, жасыл бағың! Меркі ауданы.