Жаңалықтар

АҚШ Ресейге салынған санкцияның уақытын созды

АҚШ Ресейге салынған санкцияның уақытын созды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге салынған санкцияларды тағы бір жылға ұзартты. 5 наурызда Ақ үй сайтында жариялаған құжатта «ресейлік саяси тұлғалардың Украинадағы әрекеті әлемдегі жағдайдың тұрақтылығына, елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Бұл АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне және сыртқы саясатына да қауіпті» деп жазылған. ​ Оқи отырыңыз: Трамп Путинмен кездесуден бас тартты 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап соң Вашингтон Мәскеуге санкция салған. Биыл ақпан айының соңында АҚШ Ресейге қарсы санкциялар туралы жаңа заң жобасын жариялаған. Дереккөз:Азаттық радиосы