Құқық

Құны 6 миллионнан асатын тауар алып өтпек болған

Құны 6 миллионнан асатын тауар алып өтпек болған

Облыстық қаржы полициясы 6 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын экономикалық контрабанда фактісін әшкереледі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында, Меркі ауданындағы Кеңес және Сарымолдаев ауылдарында «Фольксваген-Пассат» және «Тойота-Естима» маркалы автокөліктері көзге түскен. Оларға тиелген халық тұтынатын тауарлар еліміздің шекарасынан кедендік бақылаусыз, контрабандалық жолмен өткізілгендігі анықталды. Осы факті бойынша Т. және А. деген азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, облыс бойынша сот сараптамасы институты тәркіленген тауарлар бағасы нарықта 6,3 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтындығын анықтады.