Әдебиет

Сағыныш

Сағыныш

Сөзі мен әні:
Жаңбыршы Үсейіновтікі.

Өзің сәулем сағындырған,
Бір сен үшін жаным құрбан.
Махаббаттың құдірет күші,
Табындырып, бағындырған.
(Соңғы екі жол 2 рет қайталанады)

Жанымды ұғар періште ме ең,
Тағдырымды бөліскенде.
Сен жоқ жерде сияқтымын,
Жалғыз қалған жер үстінде.

Ашылмаған маған сырсың,
Кейде тұман, кейде нұрсың,
Дегбірімді қояр-қоймай,
Сағындырып қайда жүрсің?