- Advertisement -

Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі арта түспек

51

- Advertisement -

Мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа жегіп қоюды тоқтату үшін былтырдан бері өңірде бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар компьютерлерді автоматты түрде өшіруге арналған «SHUTDOWN» бағдарламасын қолдануда. Бұл – мамандардың жұмыстан тыс уақытта кабинетте отыруын азайтатын бірден-бір қадам.
Жалпы, кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың бастапқы қадамдары – көрсетілер қызмет сапасын жақсартып әрі кадрлардың кәсіби біліктіліктерін арттыру екені белгілі. Есепті кезеңде облыста 1342 мемлекеттік қызметші білімін жетілдірген. Соның 516-сы қайта даярлау, 826-сы біліктілігін арттыру курстарында оқыған. Ал тестілеуден өтуге барлығы 6042 азамат өтініш білдіріп, оның 2520-сы тестілеудің шекті деңгейінен өткен.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ержан Жұмабеков, Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ермек Тұмабеков және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының облыс бойынша филиалының директоры Сабыр Түменбаев айтып берді.
Былтыр өңірде бірқатар ауылдық округтер 4-деңгейлі бюджетке көшкені белгілі. Бұл қадам өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Спикерлердің айтуынша, былтыр жаңа жүйенің талаптары мен ерекшеліктерін ауылдық округтердің әкімдеріне түсіндіру үшін 80 сағаттық біліктілігін арттыру семинарлары ұйымдастырылыпты. Аталған семинардың алғашқы екі легі былтыр қараша, желтоқсан айларында өткізілген екен. «Өңірді дамыту үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» атты оқыту шарасына 48 ауылдық округтің әкімдері қатысыпты.
Сондай-ақ брифингте облыстағы кадрлық мәселелер туралы айтылды. Жұрт алдында мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру, мәртебесін арттыру бағытында қолға алынған шаралар да сөз болды. Дерекке сүйенсек, қазіргі кезде өңірде 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жүйелі түрде спортпен шұғылданады екен. Басқарма басшылары алдағы уақытта олардың саны арта түсетініне сенімді.

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support