Жыл соңына дейін қызмет көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы қабылдануы тиіс - Н. Назарбаев
Жыл соңына дейін қызмет көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы қабылдануы тиіс - Н. Назарбаев
Жыл соңына дейін қызмет көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы қабылдануы тиіс. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев атқарушы билікке осындай тапсырма жүктеді.
«Жалпы экономиканың өсімінің негізгі көзі бүгінгі күннің өзінде қызмет көрсету саласына тиесілі болып отыр. Саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 53 пайызға жетті. Бұл - жақсы жаңалық. Мынадай заңдылықты ескермесе болмайды: қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытымен нысаналы түрде айналысқанда еңбек өнімділігі де арта түседі. Біз бұған дейін осы секторды уыстан шығарып келдік, ендігіде басқаша болуы керек», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, туризм саласында құрылған бір жұмыс орны өзінің соңынан жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, көлік саласында қосымша жұмыс көздерінің ашылуына септігін тигізеді. «Сондықтан да, Үкіметке жыл соңына дейін Қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын қабылдауды тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz