Жаһан

Н.Назарбаев Нұрлан Қаппаровқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы қызметін ұсынды

Н.Назарбаев Нұрлан Қаппаровқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы қызметін ұсынды

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Қоршаған орта және су ресурстары министрі болған Нұрлан Қаппаровқа «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басшысы қызметін ұсынды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Елбасы Мұнай және газ министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің энергетика саласына, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты қызметтері мен өкілеттіліктері беріле отырып, Энергетика министрлігі құрылғанын жария еткен еді.

«Бұл министрлікке қоршаған ортаны қорғау мәселелері кіреді. Нұрлан Қаппаров бұл жұмыстарды жақсы жүргізді. Ол өз қалауымен бұл министрлікте орынбасар ретінде жұмысын жалғастыра алады немесе мен оған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын. Шешіміңді Мәсімовке баян етерсің», - деді Н.Назарбаев.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz