Әлеумет

Қосапан ауылынан көшкісі жоқ

Қосапан ауылынан көшкісі жоқ

«Ақ жол» газетінде ағымдағы жылдың 27 мамырында «Ауыл және әлеумет» айдарымен жарық көрген С. Қожекенің «Келешегі жоқ» Қосапан ауылы...» атты мақаласы бойынша төмендегідей ақпаратты жолдаймын. Қосапан ауылында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша ауданымыздағы экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді әлеуеті жоғары елді мекенге көшіру мақсатын түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қосапан ауылында тұратын 11 отбасы мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғындар 5-6 мың қой, 200 бас жылқы, 100 бас ірі қара малын өсіріп, бағуда. Ауылда ауыз су бар, электр желісі тартылған, байланыс орнатылған. Мектеп жасындағы балалар Көгершін ауылындағы интернатта жатып оқиды. Мектепке дейінгі балалар балабақшаға тартылмаған. Елді мекеннің шағын болуына қарамастан, онда ғимаратсыз медициналық қызметкер жұмыс істейді. Тұрғылықты жері мал шаруашы-лығын дамытып-өсіруге өте қолайлы болғандықтан, Қосапан ауылынан экономикалық әлеуеті жоғары елді мекенге көшуге ниет білдіріп отырған тұрғындар жоқ.

Роза Балтабаева, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі директорының уақытша міндетін атқарушы.