Тексеру нені көрсет ті?
Тексеру нені көрсет ті?
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі мен төтенше жағдайлар басқармасы облыс әкімдігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қаланың шағын аудандары мен тұрғын үй алаптарына рейдтік тексеру ұйымдастырды.
Аталған іс-шара барысында бірқатар көшелерге бетон плиталар мен түрлі бөгеттердің жөнсіз қойылғандығы анықталды. Бұл жағдай төтенше жағдайлар кезінде арнайы техникалардың өтуіне едәуір кедергілер туындататыны белгілі. Рейдтік тексерулер ұйымдастырылуына соңғы кездері қаланың шағын аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының өрши түскендігі себеп болған еді. Осындай тілсіз жаудың алдын алу бойынша әрекет ету барысында мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімшелеріне шағын аудандардағы көп қабатты тұрғын үйлер аумағындағы жолдарда орналасқан бөгеттер (бетон плиталар, жолға қағылған темір қазықтар тағы басқалары) өз кедергісін келтіруде. Бұл арнайы техникалардың оқиға орнына қысқа жол арқылы жедел жетуіне қиындық тудырып, текке уақыт жоғалтуға әкеп тіреуде. Мұның соңы өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына едәуір қауіп келтіруі және үлкен материалдық шығынға соқтыруы ықтимал. Тараз қаласындағы 7-шағын ауданы аумағында жүргізілген бұл жолғы рейдтік тексеру барысында арнайы қызметтер күшімен жалпы алғанда алты түрлі бөгет алынып тасталды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі қарай да жалғасатын болады .
Облыстық ТЖД өрт сөндіру мекемесінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.