Жаңалықтар

Айта салдым

Айта салдым

МАИ-дың тоқтатқанынан, дәметкені жаман.

* * * Әйелдің шашы қысқа, құрығы ұзын.

* * * Әйелдің бажылдасқаны – ақылдасқаны.

* * * Аңдамай сөйлеген «қораға» кіреді.

* * * Абитуриентті кім оқуға түсірсе, сол ыстық.

* * * Әйел тоймай, күйеу байымайды.

* * * МАИ-дан құтылсаң, алдыңнан кеден шығады.

* * * – Институттағы өмірдің өзі – тарих... – Қай тарих! Лекциясы ма, әлде семинары ма?

* * * – Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. – Кешіріңіз, бәрібір ұлыңызды оқуға түсіре алмаймын.

* * * – Жаяудың шаңы шықпайды. – Әрине, ол тротуармен жүрсе, қайдан шықсын?!

* * * – Мен сіздің ұлыңызды көшеде мас болып жатқан жерінен көрдім. – Ә, айлығын алған ғой.